04 жел, 2020 сағат 14:24

«Өмір сыйла» республикалық акциясы: Ерікті донорлар қан тапсырды

Әлем жұрты 5 желтоқсанда Волонтер күнін атап өтеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Мерекенің толық атауы - Экономикалық және әлеуметтік даму үшін еріктілердің халықаралық күні. БҰҰ Бас Ассамблеясы оны 1985 жылы енгізуді ұсынды. Сол кезден бастап мереке ресми атауы мен халықаралық дәрежесіне ие болды. 

Қайтарымсыз іс-әрекет қазіргі қоғамда өте сирек кездеседі, бірақ аса қажет. Волонтерлер халық үшін еңбек етіп, қайтарымына ештеңе сұрамайды.

Қазақстанның халық партиясының астаналық бөлімінің өкілдері Волонтер күнін республикалық «Өмір сыйла» акциясына қатысып, атап өтті. ҚХП ерікті-донорлар тобы республикамыздың түрлі медициналық орталық пен емханаларында қан тапсырды.