CLAAS тракторлары мен комбайндарының құрамдас бөліктерін шығару, AMAZONE тұқым себу кешендері, KamLit және KIA компанияларымен серіктестік. Қазақстандағы алғашқы Локализациялық орталығының іске қосылуы және Қостанай машина жасаушыларының біліктіліктері арқасында AGROMASH зауыты биылғы жылы дүниежүзілік алыптармен жұмыс істеуге кірісті.
2024 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Өндіріс 20%-ға өсті
«Егер 2023 жылы кәсіпорын 1250 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын шығарса, өткен жылы бұл көрсеткіш 1500 бірлікке жетті, сонымен қатар тракторлар өндірісі айтарлықтай өсті, олардың көлемі 1 100 бірліктен асты. LOVOL тракторлары үш жыл қатарынан елдегі ең көп сатылатын тракторлардың қатарынан табылып келеді, ал осы маусымда ESSIL бренді комбайндар арасында осы позицияны ұстап тұр», - деді коммерциялық директор Николай ПАРХОМЕНКО.