
Бішкек, Ташкент, Ашхабад және Душанбеде сайлау учаскелері ашылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" СІМ телеграм каналына сілтеме жасап.
Айта кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 20 қазанында Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауын өткізу туралы жарлық шығарған болатын.
Бүгін 12 өңірде 8 141 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды.
Сонымен қатар, ең бірінші болып парламенттік сайлауда дауыс берген Оңтүстік Кореядағы Корё университетінің студенті, Қазақстан азаматы - Аделина Алпамыс болды.


