
Орталық сайлау комиссиясының бүгінгі отырысында ҚХА кеңесі ұсынған ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткерлерді тіркеу мәселесі қаралуда, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімімен Парламент Мәжілісінің депутаттығына 9 кандидат ұсынылды. Олар: Әбдірахманов Сауытбек Әбдірахманұлы, Әмірханян Аветик Рубенович, Буларов Ілияс Юсупович, Деменьтеве Наталья Григоревна, Ли Юрий Виссарионович, Нәбие Вакиль Усейнович, Осин Шамиль Абзалетдинович, Токтасунов Владимир Имтахунович, Хамедов Абульфаз Муслимович. Ер адамдардан - 8, әйелдерден - 1 үміткер. Барлық 9 үміткердің жоғары білімі бар», - деді ОСК мүшесі Ерлан Дауылбаев.
Отырыста Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан депутаттыққа үміткерлерді тіркеу туралы хаттама бекітілді.
