24 жел, 2020 сағат 09:48

ОСК сайлауда ҚХА мүшелерінің дауыс беруіне арналған бюллетендерді дайындайды

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан халқы Ассемблеясы мүшелерінің дауыс беруіне арналған бюллетендерді дайындайды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Орталық сайлау комиссиясы өз өкілеттігі шеңберінде Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша дауыс беруге арналған бюллетеннің нысаны мен мәтінін белгілейді, оларды дайындайды. Қазақстан халқы Ассемблеясы сайлайтын ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттарына дауыс беруге арналған сайлау бюллетенінің саны ҚР ОСК-ның 2018 жылғы 23 тамыздағы қаулысымен бекітілген. ҚХА сайлайтын Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі сайлаушылар тізіміне ассемблеяның барлық 504 мүшесі енгізіледі. Осыған байланысты қаулы жобасында сайлаушылардың, яғни ҚХА мүшелерінің бір пайыздық резервін қоса алғанда дайындалуға жататын сайлау бюллетендерінің саны 509 дана болып белгіленеді. Сайлау бюллетенінің мәтінін бекіту ұсынылады», - деді ОСК мүшесі Ерлан Дауылбаев бүгінгі отырыста. 

Сайлау бюллетеніне мемлекеттік тілде, тәртіптік ретпен, тегі мен әкесінің аты көрсетілген барлық тіркелген кандидаттар енгізіледі. 

«Орталық сайлау комиссиясының аппараты сайлау бюллетендерін 2021 жылғы 9 қаңтардан кешіктірмей Нұр-Сұлтан қаласының сайлау комисиясына жеткізеді. Сайлау бюллетендері орналасқан үй-жайға мөр басылады. Ол ішкі істер органдарының күзетіне тапсырылады», - деді ол.