
Орталық сайлау комиссиясы ұлттық байқаушыларға қатысты жаңа талаптар қойған жоқ. Комиссияның бүгінгі отырысында Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров осылай деді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" .
«Енгізілген ешбір жаңалық жоқ. Бәрі де Орталық сайлау комиссиясының қаулыларына негізделген. Шынайы факттар болғандықтан осы қаулы (бақылаушылардың жұмысы туралы) қабылданды. Себебі біздегі үкіметтік емес ұйымдардың үштен бірі өз жұмысын тұрақты түрде жүргізбейді. Сайлау комиссиялары олардың қайсысы жұмыс істейтінін, қайсысы жұмыс істемейтінін тексере алмайды. Сол себепті ұлттық бақылаушы ретінде сайлау учаскесіне тіркелу үшін нақты қандай құжаттардың керектігін нақтыладық», - деп түсіндірді Константин Петров.
Одан бұрын заңды тұлғалардың жарғысында азаматтардың байқаушы болуға құқығы бары хабарланған болатын. Азаматтық кодекстің талаптарына сәйкес (141, 106, 107-баптар) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында оны құрудың мәні мен мақсаттары көрсетілуі тиіс.
