Фото: ашық дереккөз
Биыл отандық киноөндірісте 10 фильм прокатқа шықты. Олардың қатарында «90+1», «Тарлан», «Игроманка», «Капитан Байтасов», «Qaitadan», «Алтын адам» анимациялық фильмі және өзге де туындылар бар, деп хабарлайды Ult.kz.
Сондай-ақ «Бауырына салу», «Шатырдағы екеу», «Пряники для ее отца, моего прадеда, ее деда», «Победителей видно на старте» фильмдері АҚШ, Ресей, Франция, Италия және Қытайда өткен халықаралық кинофестивальдерге ұсынылып, 30-дан астам марапатқа ие болды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұдан бөлек, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы жариялаған конкурс нәтижесінде 16 жаңа жоба жеңімпаз атанды.
Ал мемлекеттік қолдау арқылы түсірілген «Qaitadan» фильмі прокаттан 1 млрд теңге жинап, қазақстандық киноиндустриядағы ең табысты картиналардың қатарына енді.
