Фото: Алматы әкімдігі
Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінде қазақтың ұлы композиторы және Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Шабыт бастауы: Нұрғиса Тілендиевтің мұрасы» атты халықаралық көрменің ашылуы өтті, деп хабарлайды Ult.kz.
Көрмеге Алматы қаласындағы Музейлер бірлестігінің қорынан 70-ке жуық жәдігер қойылды. Олардың қатарында композитордың партитуралары, сирек фотолары, жеке заттары және Ахмет Жұбанов сыйға тартқан әйгілі «Дариға домбыра» да бар.
Көрме 19 маусымға дейін жалғасады.