15 қаң, 2021 сағат 11:09

Президент әлеуметтік қолдауға қатысты пікір білдірді

Әлеуметтік қамсыздандыру саясатын қайта жаңғырту керек. Бұл туралы бүгін жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бізге әлеуметтік қамсыздандыру саясатын қайта жаңғырту керек. Мемлекет көмекке мұқтаж азаматтарды қолдауға басымдық беруі тиіс», - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Қ. Тоқаев мемлекеттік көмектің атаулы сипатын және оны алу кезіндегі тиісті талаптарды күшейту керектігін айтты.

«Әзірленіп жатқан Әлеуметтік кодекс осы маңызды саланың өзекті мәселелеріне кешенді жауап беретін болады», - деді Президент.