09 қар, 2020 сағат 14:17

Президент энергетика, көлік, және мемлекеттік наградаларға қатысты заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергетика, көлік, және мемлекеттік наградалар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтынан мәлім болды. 

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.