15 қыр, 2022 сағат 10:12

Рим Папасы Димашқа медаль табыстады


Димаш Құдайберген Рим Папасының қолынан медаль алды. Танымал қазақстандық әнші қуанышты жаңалықты Instagram-парақшасында бөлісті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Рим Папасы берген бата-тілегіңіз бен естелік сыйлығыңыз үшін үлкен алғыс айтамыз. Ғұмырыңыз ұзақ болсын", - деп жазды әнші.

Айта кетейік, Рим Папасы Қазақстанға үш күндік мемлекеттік сапармен келді – 13-15 қыркүйек аралығында. Ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің ашылуы мен пленарлық отырысына қатысты, сондай-ақ діни рәсім (месса) өткізді.