10 қаң, 2021 сағат 09:09

Sailau Talks-2021 сарапшылары өтіп жатқан сайлаудың маңыздылығын талқылайды

Эмин Әскеров, Талғат Қалиев, Расул Жұмалы, Александр Данилов, Дастан Көшербаев және тағы басқа қазақстандық сарапшылар елде өтіп жатқан Парламент сайлауының маңыздылығы мен ерекшелігін талқылайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іс-шара Қазақстан саяси ғылымдар қауымдастығы «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр. 

Онда қоғам қайраткерлері мен саясаткерлер Парламент сайлауының ерекшелігі, Қазақстанның саяси реформалары мен жалпы сайлау кампаниясының ұйымдастырылуы мен өткізілуін талқыламақ.

Сонымен бірге дауыс беру барысы мен ҚР Парламент Мәжілісінің жаңа құрамы іске асыратын міндеттер туралы ой-пікірлер сарапқа салынады.

Sailau Talks-2021 барысында сарапшылардың талқылау трансляциясы «ҚазАқпарат» агенттігі порталының Facebook-тегі аккаунтында сағат 12.00, 15.00, 18.00 және 21.00-де өтеді.