
Көптеген елде енгізілген халықаралық тәжірибе жастар саясатының дамуын бағалаудың индикаторы ретінде қызмет атқарады. Жастар ғылыми-зерттеу орталығының директоры Аян Сақышев Президенттің жастардың даму индексі енгізу ұсынысына қатысты осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгін Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі алдында маңызды әрі мағыналы бастамаларды көтерді. Өз басым Мемлекет басшысының Парламенттің алдына нақты міндеттер қойғанына, жастардың даму индексін енгізу туралы сөзіне ерекше назар аударар едім. Бұл көптеген елге енгізіліп жатқан халықаралық тәжірибе. ББұл жұмыс жастар саясатын дамытуда бағалау индикаторы ретінде қызмет етеді», - деп атап өтті сарапшы.
Аян Сақышевтың айтуынша бұл индекс елдің аймақтарының дамуына оң серпін береді. Себебі осы көрсеткіштің көмегімен білім, жұмыспен қамту және басқа да маңызды салалары бойынша қандай жағдай жасалғанын анықтауға болады.
«Жастардың даму индексін енгізу – бұл саланы дамытуға оң серпінін тигізеді. Халықаралық әдістемеге сүйене отырып, бізде жастарды қолдауға арналған қандай жағдайлар жасалғанын көреміз», - деді ол.
