Режиссер Әділхан Ержановтың «Сары мысық» фильмі Қазақстан атынан «Оскар» жүлдесінің «Шетелдің үздік фильм» номинациясына ұсынылды. Кинотуындыны Short Brothers (Қазақстан), Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы және Arizona Productions (Франция) қомпанияларының қатысуымен Zerde Films (Қазақстан) компаниясы түсірді.
Фильм қазақстандық «Бонни мен Клайдтың» оқиғасын баяндайды. Кермек есімді жас жігіт түрмеде жазасын өтеп, қылмыстық топ иемденіп, өзінің қатал заңдарын орнатқан туған қаласына оралады. Жігіттің ғашығы Ева қылмыскерлердің ықпалынан теріс жолға түскен. Кермек өзі де қылмысқа белшесінен батады. Бірақ ол сүйген қызымен бірге еркіндікке қол жеткізіп, кинотеатр салу туралы арманын тастамайды. Ол қалай да арманына қол жеткізуге бел байлайды...