Фото: Алматы әкімдігі
Алматыда Н. Сац атындағы Мемлекеттік орыс балалар мен жасөспірімдер театрының ауқымды қайта жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Ult.kz.
Жөндеу кезеңінде театр қойылымдары жаңартылған Оқушылар сарайының Үлкен концерт залында өтеді. Жаңа сахнада алғаш қойылған спектакль – көрермендердің ыстық ықыласына бөленген «Күлшеқыз» ертегісі болды.
Театрдың тарихи ғимаратында тірек құрылымдарын нығайту, қасбетті, сахна мен жарық жүйесін жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, сәулеттік элементтерді сақтау мен мүмкіндігі шектеулі көрермендерге жағдай жасауға баса мән берілген.
Театр жанында Камералық сахна мен SATS COMMUNITY театр студиясы орналасатын жаңа ғимарат бой көтеріп жатыр.
Реконструкцияны аяқтау 2026 жылдың шілде айына жоспарланған. Ал әзірге театр көрермендерін Оқушылар сарайында күтеді. Келесі қойылым – «Бремен музыканттары» 22 мамыр күні өтеді.