Қазақстанның Халық партиясының төрағасы Айқын Қоңыров Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазақстанның Халық партиясының басшысы елордадағы 66 мектепте орналасқан 113 сайлау учаскесінде дауыс берді.
«Бүгін Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлау күні өтіп жатыр. Менің ойымша, әр азамат өз таңдауын жасап, конституциялық құқығын пайдаланғаны жөн. Және сол арқылы еліміздің саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуына өз үлесін қосады»,- деді Айқын Қоңыров.

