10 қаң, 2021 сағат 07:25

Сайлау: Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев өз таңдауын жасады

ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қырымбек Елеуұлы өз таңдауын елордадағы №126 сайлау учаскесінде жасады. Аталмыш сайлау учаскесі Мақсұт Нәрікбаев атындағы №79 мектеп-лицейде орналасқан. 

«Бүгін еліміз үшін айрықшы сәт деп ойлаймын. Халқымыздың ең асыл мұраты – Тәуелсіздікті нығайту жолында мақсатымыз, сондай-ақ өскелең ұрпақ алдында үлкен жауапкершілігіміз бар. Соны есінде ұстай тұра халқымыз бұрыннан танбай келе жатқан өзінің парасаттылығын, ынтымағы мен бірлігін көрсетеді деп ойлаймын. Сол жауапкершіліктің деңгейінде боламыз. Әлемде әртүрлі жағдай орын алып, қоғамды жік-жікке бөлген әрқилы оқиғалар болып жатыр. Осы сайлау – халқымыздың бірлігі мен ынтымағының, Тәуелсіздік жолында ең ізгі қасиеттерімізді көрсетеді деген ойдамын», - деді Қырымбек Көшербаев.