
«Qazaqstan» ұлттық арнасы 22 желтоқсанда ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлауына қатысушы партиялар арасында теледебат өткізеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Үміткер партия өкілдері Ұлттық арнаның «Ашық алаң» бағдарламасы аясында тікелей эфирде бір сағат бойы өз сайлауалды бағдарламасын қорғап, қарсылас партиялармен ашық дискуссия құрып, сайлаушылар тарапынан келіп түскен сұрақтарға жауап береді.
Теледебатқа «Қазақстан халық партиясы» атынан Ғазиз Құлахметов, «Nur Otan» партиясынан Айдос Сарым, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы атынан Дәулеткерей Кәпұлы, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясының мүшесі Берік Дүйсенбинов, «ADAL» саяси партиясынан Мақсат Толықбай қатысады.
Теледебат 22 желтоқсан, сағат 20:30-да тікелей эфирде өтеді.
