10 қаң, 2021 сағат 20:38

Сайлауға жастар көп қатысты – сарапшы

айлау учаскесінде дауыс берген жастар көп болды. Бұл туралы Sailau Talks-2021 шарасында Еуропалық құқық және адам құқығы сараптамалық институтының директоры Марат Бәшімов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кеше ғана ауа райы шамамен -40 градус суық болған. Бүгін күн жылынып кетеді деп ешкім ойлаған жоқ және осындай аязды күні осыншама халық сайлауға қатысады деп ойлаған жоқпын», - дейді Еуропалық құқық және адам құқығы сараптамалық институтының директоры Марат Башимов.

Оның айтуынша, эпидемиологиялық жағдайға байланысты қауіпсіздік шаралары сақталып, сайлау жақсы ұйымдастырылған.

«Сондай-ақ, дауыс беріп жатқан жастарды көп байқадым. Сайлауалды науқанда дебат өтті. Оның қандай деңгейде өткенін әртүрлі бағалауға болады, бірақ ең бастысы – оған әртүрлі сарапшылар қатысты. Дебатқа қатысу –қатыспау құқықтарын да пайдаланды. Бұл үлкен өзгеріс деуге болады», - дейді ол.