Фото: ҚР Жазушылар Одағы
Астанада өткен XXVIII «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінде «Поэзия» номинациясының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Ult.kz.
Жыр додасының қазылар алқасы құрамында Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ғалым Жайлыбай, Қазақстан Жазушылар одағы Астана филиалының директоры Бауыржан Бабажанұлы, филология ғылымдарының докторы, ақын Жанат Әскербекқызы, сондай-ақ халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Қалқаман Сарин болды.
Фестиваль қорытындысы бойынша Гран-при жас ақын Дәурен Тілеуханға табысталды.
I орын
• Оразай Жеңісұлы (Өскемен)
• Ділдә Уәлибекова (Астана)
II орын
• Еламан Қабділәшім (Павлодар)
• Шапағат Әбдір (Астана)
III орын
• Серғазы Қайырболды (Көкшетау)
• Айзада Рахымжанова (Астана)
Биыл фестиваль аясында бірқатар арнайы жүлделер де берілді:
• Исраил Сапарбай атындағы жүлде – Айдын Байыс (Астана)
• Күләш Ахметова атындағы жүлде – Ақгүлім Ерболова (Алматы)
• Темірхан Медетбек атындағы жүлде – Абзал Сүлейменов (Жетісу облысы)
• Есенғали Раушанов атындағы жүлде – Нұрбек Кеңесбай (Қосшы)
Жеңімпаздар арнайы дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
