08 қаң, 2021 сағат 15:25

ШЫҰ байқаушылар миссиясы Мәжіліс сайлауын мониторингілеуге кірісті

Шанхай ынтымақтастық ұйымының өкілдері ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары сайлау жұмыстарын байқауға кірісті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ШЫҰ Хатшылығының мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Миссия құрамында заң шығару, сайлау органдарының өкілдері, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің дипломаттары, сондай-ақ Ұйым Хатшылығының лауазымды тұлғаларынан құралған аккредиттелген 15 байқаушы бар. Миссияны ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Чжан Хайчжоу басқарады.

Мәлімдемеде айтылғандай, сайлау күні олар ҚХР Бейжің қаласындағы ҚР елшілігіне барып, шетелдегі Қазақстан азаматтарының дауыс беру жұмыстарын ұйымдастырады. ҚР аумағындағы сайлау процесінің барысы туралы неғұрлым толық түсінік алу үшін ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің миссия өкілдері Қазақстанның бірқатар елді мекендеріндегі сайлау процесіне мониторинг жүргізу жұмысына кірісті.