23 қаң, 2026 сағат 16:02

«Тәуелсіздік ұрпақтары» – 2025: Аида Балаева жеңімпаздарды марапаттады

Фото: ҚР МАМ

Астанада биылғы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Ult.kz.

Елдің түкпір-түкпірінен бизнес, ғылым, мәдениет, медиа, ақпараттық технологиялар және волонтерлік саладағы отыз үздік жобаның иелері елордаға жиналды. Әр жеңімпазға 3 миллион теңге көлемінде грант сертификаты табысталды.

Жеңімпаздарды Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева құттықтады. Ол жастарды қолдау мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтіп, барлық бастамалар жас ұрпақтың болашағы үшін жүзеге асырылып жатқанын тілге тиек етті.

Айта кетейік, «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты Мемлекет басшысының бастамасымен дарынды әрі болашағынан үміт күттіретін жастарды қолдау мақсатында 2021 жылы құрылған. Осы уақытқа дейін аталған грант 123 қазақстандықтың идеясын іске асыруға және дамытуға мүмкіндік берді.