Фото: studio-otragenie.ru
Елімізде театр маусымының ашылғанына көп уақыт бола қойған жоқ. Ult.kz 15‒21 қыркүйек аралығында Астана мен Алматыдағы театрларда өтетін қойылымдарға шолу жасады.
АСТАНА
«Астана Опера»
17 қыркүйекте «Астана Опера» театрының басты сахнасында ұлттық өнеріміздің бетке ұстар шығармасына айналған Мұқан Төлебаевтың «Біржан – Сара» операсының жаңа музыкалық-сахналық редакциясы көрсетіледі.
20 қыркүйекте ХХ ғасырдың ұлы композиторларының бірі Астор Пьяццолла тангоны әлемге толыққанды классикалық жанр ретінде танытты. «Танго. Piazzolla. Live» концерті – осы жалындаған жанрды сүйіп тыңдайтындар үшін тамаша сый. Сахнаға аргентиналық маэстроның шығармашылығын шамшырақ етіп, көркемдік талпыныстарына шабыт алған шебер аспаптық ансамбль шығады.
Кеш бағдарламасында Астор Пьяццолланың, сондай-ақ оның ізашарлары мен замандастары Карлос Гардель, Франсиско Канаро, Роберто сынды аргентиналық танго тарландарының танымал музыкасы шырқалады.
21 қыркүйек ‒ «Үрлемелі аспаптар патшалығына саяхат» концерті. «Астана Опера» театры ең жас көрермендер үшін сегіз концерттен тұратын «Гаджетсіз уақыт» топтамасын бастайды. Бұл жоба аясында операның жетекші солистері мен симфониялық оркестр әртістері балаларды классикалық музыканың ғажайып әлемімен таныстырмақ.
Осы уақыт ішінде балаларға классикалық өнер туралы алғашқы білім беріліп қана қоймай, кәсіби музыканттармен тікелей байланыс орнатылады. «Гаджетсіз уақыт» – балаға опера мен симфониялық музыканың көркемдігін ұғынықты әрі қызықты түрде танытудың бірегей мүмкіндігі.
Бірінші концерт аясында жас қонақтар өздерінің қуатты үні мен әсем сыртқы пішінімен белгілі үрлемелі аспаптармен танысады. Концерт бағдарламасы музыканы, жүргізушінің сөзін, жұмбақтарды және театрлық көріністерді шебер ұштастырады. Балалардың оркестрдің әртістеріне қосылып, шығармаларды орындауға тікелей қатысу мүмкіндігі концерттің шарықтау шегіне айналмақ.
Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры
16 қыркүйекте «ЕСТІ ӘНДЕР» Симфониялық оркестр мен Халық аспаптар ансамблінің концерті өтеді. Бас дирижер: «Мәдениет саласының үздігі» Ерлан Бейсембаев.
Концертте «Молдабайдың әні», Қ.Сағырбайұлының «Саранжап», «Сарыарқа», Е.Брусиловскийдің «Шашу», «Бозайғыр», Ш.Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр», Н.Тілендиевтің «Жүрегім менің», «Құстар әні», Ғ.Құрманғалиевтің «Ақ ерке», Б.Макаевтың «Ғасырлар үні», Т.Мұхамеджановтың «Іңкәрім-ай», М.Бердіғұловтың «Шахристан», А.Бақытнұр «Шествие», Е.Канапьянов «Аққу елім Қазақстан», Т.Шөкенов «Самғау» туындылары мен «Күй шашу» орындалады.
16 қыркүйекте Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының кіші сахнасында «Шеңбер» эпикалық драма өтеді. Қойылымның режиссері ‒ Ұлан Қабыл.
М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры
М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры да көрермендерге есігін айқара ашып, мерейтойлық театр маусымын бастады. Театр 16 қыркүйекте К. Жүнісов, И. Сединнің «Әлия» драмасын қояды. Қойылым Кеңес Үкіметінің батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойына арналады.
Астана қаласы әкімдігінің «Жастар театры»
17 қыркүйекте Ғабит Мүсіреповтың «Жібек» либреттосы өтеді.
Ғасырды ғасырға жалғаған жауһар жырдың Жастар театры сахнасында жандану мен тіл қату әдісі де, «сөйлеу» қалыбы да өзгеше. Евгений Брусиловскийдің заманауи үнде жаңаша өңделген классикалық музыкасы көрерменін формалық, идеялық һәм көркемдік ерекшелігімен баурайды. Қазақтың байырғы салты бастаңғы стилінде өрбитін мюзиклде негізінен жастардың сыры мен мұңы, арманы мен мұраты, ең бастысы, кіршіксіз махаббаты алға шығады. Ғажайып музыка тілі арқылы сезім күйін шертер қойылым көрерменін бей-жай қалдырмайды.
Қоюшы режиссер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұрқанат Жақыпбай.
18 қыркүйекте кішкентай балақайларды қайырымдылыққа, адамгершілікке, мейірбандыққа, ізгілікке шақыратын Ю. Алесиннің «Золушка» қойылымы өтеді.
Қоюшы Режиссер: Мәдениет саласының үздігі Бейбіт Құсанбаев, Золушканың рөлінде: Әсем Жорабек.
19‒20 қыркүйекте екі күн қатарынан Т. Ахметжанның «Таптым. Ғашық болдым. Жоғалттым» мюзиклі қойылады.
Көл жағасына демалуға келген жас жігіт жағалаудан өзінің қиялындағы аруын жолықтырады. Алайда махаббат бар жерде қарсылықтың да қатар жүретін аксиомасы бұл оқиғадан да айналып өтпейді: сұлудың некелі жары бар екен...
Қоюшы режиссер: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұрқанат Жақыпбай
21 қыркүйекте барлық театр актерлерінің қатысуымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұрқанат Жақыпбайдың «Жанарымдағы жалғыз әуен» қойылымы өтеді. Жанры: Әуенге табыну
АЛМАТЫ
Абай атындағы Қаз.ҰОБТ
20 қыркүйекте 92-ші театр маусымының ашылуына орай АХМЕТ ЖҰБАНОВ - ЛАТИФ ХАМИДИ - «АБАЙ» қойылымы өтеді.
Мұхтар Әуезовтің Либреттосы 2 сағат 40 минутқа созылады, спектакль екі үзіліспен келеді.
21 қыркүйекте П.И.Чайковскийдің «Аққу көлі» 2 актідегі балеті орындалады.
Либретто авторлары: В.П.Бегичев, В.Ф.Гельцер
Ғ. Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
16 қыркүйекте Ғ. Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры Әлімбек Оразбековтің «Бір түп алма ағашы» қойылымын тамашалауға шақырады.
Күтімсіз гүл де солады, ағаш та қурайды...
Қоюшы режиссёр: Мұрат Ахманов, Қоюшы суретші: Серікқан Омаров. Спектакль ұзақтығы: 1 сағат 40 минут
16 қыркүйекте Ф. Г. Лорканың Оян, қалыңдық драмасы өтеді.
Испания, ХХ ғасырдың басы.
Ұлының жүзімдікке бара жатқанын және оның пышақ алғысы келгенін білген анасы адам баласын өлтіруге қауқарлы қару-жарақ, құралдарды ойлап тапқандарға қарғыс айтады. Өйтпегенде ше?... Күйеуі мен тұңғыш ұл да сол қарғыс атқан пышақтың кесірінен кескілесіп қайтыс болған.
Ұлы таңдаған қалындықты ұната қоймаған анасы алда болатын той туралы да ойлағысы жоқ. Күйеу жігіт кетіп, көршісі келеді. Ары қарай бәрі де өзгереді. Бұл қандай махаббат?.. Бәріне көндіккен ана ұлына ештеңе айтпауды ұйғарады.
Қоюшы режиссёр: Дина Жұмабай, Аударған: Нартай Сауданбекұлы, Хореограф: Гүлсая Тәуірханова.
17 қыркүйекте Шыңғыс Айтматовтың ең көп сахналанған, ең көп оқылған, жұлдызы жарық туындысының бірі «Ақ кеме» спектаклі өтеді. «Ақ кеме» көптеген театрларда сахналанған. Ғ.Мүсірепов театры бұл жаңаша нұсқаны көріп, өзінше ой түйіп, көзайым болуға шақырады.
18 қыркүйекте У.Шекспирдің «Гамлет» трагедиясы сахналанады.
Режиссер: Д.Жұмабаева, Суретші: А.Есболатова, Хореограф: С.Беймишева, Композитор: Н.Төрәлі.
19 қыркүйекте Ғ. Мүсірепов атындағы театрда Шекспирдің тағы бір туындысы ‒ «Макбет» драма стиліндегі трагикомедиясы өтеді.
Дәл осы күні, яғни 19 қыркүйекте «Шеңбер» эпикалық драмасы сахналанады.
Авторы: Б. Брехт, Аударған: З. Сақиұлы, Режиссері: Ұ. Қабыл.
20 қыркүйекте Сәбит Мұқановтың «Мөлдір махаббат» драмасы қойылады.
Басты кейіпкерлер - Бүркіт пен Бәтес - адалдық пен шынайы сезімнің жолында жүйенің қатыгездігімен бетпе-бет келеді. Сахна төрінде Бүркіттің төрт күндік соты жүріп жатқанда, залда көрермен шындық пен жалғанның жігін жүрегімен ажыратады...
21 қыркүйекте «Торай Фунтиктің шытырман оқиғалары» балаларға сахнаданатын болады.
Кішкентай торайдың цирк әртісі болуды қалай шешкені туралы көңілді отбасылық қойылым. Оның қауіпті шытырман оқиғалары мен жаңа достары туралы біздің «Фунтиктің шытырман оқиғалары» қойылымынан біле аласыздар. Сіздерді қуыршақ театры, цирк нөмірі, көпіршікті шоу, фокустар, керемет трансформация, сонымен қатар ойындар, билер, қызықты кейіпкерлер мен хикая күтеді.
21 қыркүйек ‒ «Ұлпан». Ғабит Мүсірепов әйел теңдігі идеяларын заман алды көтерген болатын. Қазақ даласындағы әйелдер мен ерлер арасындағы теңдік тақырыбы жазушының «Ұлпан» атты айтулы романында сыр шертіледі. Ғасырлар өте келе шығарма өзінің өзектілігін сақтап, Гүлназ Балпейісованың қойылымы қазіргі заманға сай қабылданып, көрермендердің кең ауқымын қызықтыра алатыны анық.
М.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры
М.Лермонтов атындағы театр да өз көрермендеріне есігін жаңа маусымда айқара ашқан болатын. Осы аптаның кестесінде бірнеше қойылым бар екен.
16 қыркүйекте өтетін Марк Камолеттидің «Пижама на шестерых» француз сахнасында “ең ұзақ өмір сүрген” спектакльдірдің бірі ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген. « Пижама на шестерых» - күтпеген және күлкілі жағдайларға толы бір француз отбасының отбасылық өмірі туралы тамаша, тапқыр комедия.
17 қыркүйекте «Ужин с дураком» Бай кітап баспагері және жалықтырған сноб Пьердің біртүрлі хоббиі бар. Аптасына бір рет ол достарымен десерт болатын жерде кешкі ас ұйымдастырады... ақымақ. Тойғанша мазақ етіп, жүлде ұтып алатын қонақ.
17 қыркүйекте өтетін махаббат, ерлер достығы және адамдар арасында өзара түсіністік болмаған кездегі тіршіліктің бақытсыздығы туралы күлкілі және біршама тәлімді «Вкус черешни» комедиясы 15 жастан бастап көрермендерге арналған.
Бай кітап баспагері Пьердің біртүрлі хоббиі бар. Аптасына бір рет ол достарымен кешкі ас ұйымдастырады, десертке ... ақымақ ұсынылады. Қонақтар тойғанша мазақ етіп, жүлде ұтып алады.
19 қыркүйекте «Чужой ребёнок» пьесасының негізінде сахналанған «Совершенно летняя история» спектаклі болады.
Музыкалық комедияда жастық шақ, махаббат, би, әртістердің жанды дауыста ән айтуы – бір сөзбен айтқанда нағыз театр сол қалпында!
20 қыркүйекте «Шум за сценой» комедиясы Михаил Рощиннің театрландырылған нұсқасы. Ағылшын тілінен аударған: Зоя Андерсон.
20 қыркүйекте «Жизнь таки прекрасна!» қойылымы өтеді.
М.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры қойылымның алты новелласынан кейін үйіне қайтатын көрерменнің еш-бірі қартаюдан қорықпайды деп уәде береміз! Өйткені «Муля, өмір... КЕРЕМЕТ!» дейді.
21 қыркүйекте Александр Пушкиннің «Евгений Онегин» шығармасы негізінде сахналанған «Онегин» қойылымы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры сахнасында қойылады. Театр ұжымы орыс классигінің шығармасына жаңа көзқараспен қарап көруге шақырады.
«Жас Сахна» театры
19 қыркүйекте «Менің кішкентай Оскарым» моноспектаклі өтеді. Э-Э. Шмитттің «Оскар және қызғылт ханым» романы бойынша қойылған спектакльді Марианна Покровская сахналайды.
Марианна Покровская - Лермонтов театрының жетекші актрисасы. Қойылымды актриса өзінің марқұм әкесі Кацев Владимир Зеликовичтің құрметіне арнаған.
Романның негізгі желісінде - қатерлі ауруға шалдыққан баланың Құдайға арнаған хаттары. Бұл хаттарда бала өзінің емханадағы өмірін және «Қызғылт бикешпен», яғни шарасыз жағдайдан қорқынышын жеңуге көмектесетін қарт күтушісімен достығын сипаттайды. Күтушінің арқасында шағын ғана он екі күн толыққанды ғүмыр сүргенмен тең болды. Бұл оқиға өмірдің әрбір күніне қуануға дағдылану керектігі туралы, өмірді оның барлық тұстарымен қабылдау туралы, сену, сенім арту және жақсы көру туралы, өмір өлімнен, ал сенім қорқыныштан күштірек екені туралы баяндайды.
20 қыркүйекте кішкентай көрермендерге «Курочка Ряба. Тоқылған ертегі» қойылымын Baby театры ұсынады.
Атасы мен әжесінде Курочка Ряба біреу ғана болмағанын сендер білдіңдер ме?
Оның тағы да екі бозшағала құрбысы, әтеш досы және де балапан бөбек секілді достары болды...
Балалармен бірге біз ертегі тоқып, тамашалап, тыңдап, ойнап, ән салатын боламыз!
Алақай, алақай,
Тауықпен ойна, балақай!
Дәнді дақыл тереміз,
Ән де шырқап береміз!
20 қыркүйекте «Зазеркалье» театры «Тірі бағдаршам» балаларға арналған ертегісін ұсынады.
Авторы: Н. Мелентьева, Режиссері: Н. Майбо.
Балаларға жол жүру ережесін қалай үйретуге болады? Әрине ең тиімдісі ойындарда, әндер және қуыршақтармен көрсету, себебі онда тіл алмайтын балалармен не болатынын көрсетіп береді екен. Алайда ертегі тек ережелерді жаттаумен ғана шектеліп қоймайды, ертегі сюжетінің басты мақсаты - «достарды қайғыда тастамау керектігін», керісінше көмекке келу керек екенін көрсету.
21 қыркүйекте А. Толстойдың әңгімесі негізінде «Алтын кілт немесе Буратиноның хикаялары» атты қойылым Жас Сахна театры сахнасында өтеді.
Спектакль кейіпкерлерімен бірге достар тауып, зұлым Қарабасқа қарсы жеңіске жетіп, театр әлеміне апарар сиқырлы есікті ашасыздар!
21 қыркүйекте Нодар Дамбадзенің «Мен, әжем, Илико және Илларион» атты қойылымы өтеді. Лирикалық комедия жанрындағы спектакль 1 сағат 50 минут болады.
Әжесі мен Илико және Илларион есімді көрші аталардың тәрбиелігінде өсіп келе жатқан Зуриконың есею хикаясы мұңмен үйлесе жүретін мейірімді әзілдермен көмкерілген, ал шаттық күлкісі кенеттен көз жасқа айналады... Ал эмоциялардың толысу сәтінде кейіпкерлер керемет грузин әндерінің тіліне көшеді!
М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры
М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры ғимараты күрделі жөндеуге жабылды, бірақ ұлттық өнер ордасы өзінің сүйікті көрерменінен қол үзбек емес. Театр ұжымы Алматы қаласының түрлі сахналарында өнер көрсетіп, республика ішінде және шетелдерге гастрольдік сапарлармен шығуда.
