04 қаң, 2021 сағат 14:21

Теңіз кенішіндегі стационарда 716 науқас емделіп жатыр

Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда 716 науқас емделіп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, коронавирус инфекциясын жұқтырудың басым бөлігі бұрынғыша Атырау қаласы мен Теңіз кенішінде тіркеліп отыр. Өңірде өткен тәулікте 51 адамнан қауіпті індеттің белгісі анықталған.

«Коронавирусқа шалдыққандардың арасында Атырау қаласынан 12 науқас бар. Теңіз кенішінде 32 жұмысшы қауіпті вирус жұқтырды. Ал, Жылыой ауданында – 2, Қызылқоғада – 3, Мақат ауданында 2 адамнан Сovid-19 табылды. Коронавирус 10 науқаста симптомды түрде өтуде» - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 39 науқас емделіп шыққан. Ал 238 адам үй жағдайында ем қабылдауды жалғастыруда. Облыстық инфекциялық стационарда 103, аудандардағы стационарларда 34, Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда 716 адам ем қабылдап жатыр.