06 қыр, 2024 сағат 14:41

«Тілдер апталығы» басталды


 Фото: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан халқы тілдері күніне орай, «Тілдер апталығы» басталды.  Биыл апталық аясында 35-тен аса іс-шара өткізу  жоспарланған.


Бір апта көлемінде өтетін апталық аясында түрлі конференциялар, түрколог, филолог ғалымдардың көшбасшылық дәрістері, ашық кураторлық сабақтар, танымдық рухани шаралар өткізіледі. Студенттер үшін ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының мұражай-үйіне экскурсия ұйымдастырылады.


Белгілі тіл мамандарының қатысуымен жасанды интеллектіні қазақша құру, ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу, жоғары оқу орындарында жиналған қазақша контентті Google деректер қорына жүктеу мәселелері талқыланады.

 

Қарагөз Серікқызы,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Баспагерлік, редакторлық және дизайнерлік өнер

кафедрасының оқытушысы.