Фото: ашық дереккөз
Бүгін БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында «Тұмар» - 2025 Ұлттық телевизиялық сыйлығының он бір номинациясы бойынша номинанттар анықталды, деп хабарлайды Ult.kz.
Биыл байқауға қатысу үшін 11 номинация бойынша жетекші республикалық және өңірлік телеарналардан 300-ден астам өтінім келіп түсті. Шорт-листке 44 жұмыс енді.
Жеңімпаздар есімі 27 маусымда Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні қарсаңында анықталатын болады. Жеңімпаздарға отандық телевизия саласындағы ең жоғары жетістіктері үшін «Тұмар» мүсіншесі мен 1 миллион теңге көлеміндегі қаржылай сыйақы табысталады.
«Тұмар» - 2025 Ұлттық телевизиялық бәйгесінің номинанттары:
Ең үздік әлеуметтік тележоба:
- • «Таза қала» - JIBEK JOLY телеарнасы
- • «Таза Қазақстан» - 24KZ телеарнасы
- • «Жақсылық жаса» - QAZAQSTAN TV телеарнасы
- • «Әке арманы» - АSTANA TV телеарнасы
Жылдың ең үздік репортажы:
- • «В гостях у кочевников» - МИР телеарнасы
- • «Алаяқтар балаларды қыруар қаржыға сан соқтырып жатыр» - ATAMEKEN BUSINESS телеарнасы
- • «Театры выживают за счёт талантов» - Хабар телеарнасы
- • «Абадан» - ЖЕТІСУ телеарнасы
Ең үздік ақпараттық-сараптамалық бағдарлама:
- • «Жетінші студия» - 7 арна
- • «Basty taqyryp» - ATAMEKEN BUSINESS телеарнасы
- • «Әлем және біз» - QAZAQSTAN TV телеарнасы
- • «President» - 24KZ телеарнасы
Ең үздік журналистік зерттеу:
- • «АЭС және энергетикалық қауіпсіздік» - ATAMEKEN BUSINESS телеарнасы
- • «По следам спасительного эшелона: как доставляли продовольствие в блокадный Ленинград из Казахстана?» - МИР телеарнасы
- • «Мүгедектігі бар жандар жұмысты қайдан табады?» - QYZYLORDA TV телеарнасы
- • «Тылсым тарих: Аштық қасіреті, Құмаршық қасиеті» - ATYRAÝ TV телеарнасы
Жылдың ең үздік телехикаясы:
- • «Күзде келген көктем» - Хабар телеарнасы
- • «Құтқару қызметі» - 7 арна
- • «12:00» - 31 арна
- • «111. JUZ ON BIR» - JIBEK JOLY телеарнасы
Ең үздік деректі фильм:
- • «Человек с острова Кулалы» - JIBEK JOLY телеарнасы
- • «Вандализммен күрес» - ATAMEKEN BUSINESS телеарнасы
- • «Закладчики. Расплата» - QYZYLJAR телеарнасы
- • «Олимпийские свершения: казахстанские герои Парижа» - Хабар телеарнасы
Ең үздік балалар тележобасы:
- • «Дара бала» - BALAPAN телеарнасы
- • «Давай меняться» - ERTIS TV телеарнасы
- • «Түркістан сақшылары» - TURKISTAN TV телеарнасы
- • «Дарын» - QOSTANAI TV телеарнасы
Ең үздік өңірлік арна:
- 77TV телеарнасы – Жамбыл облысы
- Saryarqa телеарнасы –Қарағанды облысы
- Caspian News телеарнасы – Атырау облысы
- ULYTAU телеарнасы - Ұлытау облысы
Ең үздік тележурналист:
- • Ақерке Бектас – QAZAQSTAN TV телеарнасы
- • Айнұр Иманғали –JIBEK JOLY телеарнасы
- • Аслан Қаженов –24KZ телеарнасы
- • Әйгерім Пернебекова –ALMATY TV телеарнасы
Ең үздік тележүргізуші:
- • Оксана Петерс – 7 арна
- Үмбетәлі Меймеш –ALMATY TV телеарнасы
- • Мөлдір Доспаева –Хабар телеарнасы
- • Вероника Вишневская – Еуразия бірінші арнасы
Ең үздік спорттық комментатор:
- • Жандос Айтбай –Хабар телеарнасы
- • Ерік Ерсін –QAZSPORT телеарнасы
- • Азамат Ашимов – ATAMEKEN BUSINESS телеарнасы
- • Азамат Нұғыманов - QAZAQSTAN TV телеарнасы
«Тұмар» Ұлттық телевизиялық бәйгесі 2017 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен құрылған. Сыйлықтың басты мақсаты – қазақстандық телевизияның сапасын арттыру және дамыту, телевизиялық контент өндіру саласындағы дарынды мамандарды қолдау және үздіктерін марапаттау.
