24 жел, 2020 сағат 12:11

Тұрғын үй шаруашылық мәселелері талқыланды

Түркістан-Шардара. Шардаралық «нұротандықтар» сайлау науқанын қарқынды өткізуде. Бұл орайда кандидаттар халықпен кездесулер ұйымдастырып, үгіт жұмыстарына белсенді кірісті.

Бүгін «NurOtan» партиясынан аудандық мәслихатқа кандидаттар аудан орталығында тұрғындармен кең көлемді кездесу өткізді. Жиында тұрғын үй шаруашылық мәселелері талқыланатын болғандықтан болар, жиынға қатысушылардың қарасы қалың болды.

–«Nur Otan» партиясы аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды қолдайды. Осы бағытта «Ауыл – ел бесігі» және «Құтты мекен» партиялық жобаларын іске асыру жалғастырылады.

Нәтижесінде аудан тұрғындары таза ауыз суға, табиғи газға, сапалы жолдарға, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарына қол жеткізеді.

Партия жоспары бойынша 2025 жылы қолжетімді тұрғын үймен 1 182 отбасы қамтамасыз етіледі, - деді кандидаттар.

Сонымен қатар оларды ертеңгі күні сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалы сайлауалды штабының қорынан төленді.