19 қаң, 2021 сағат 16:24

Үкіметтің кеңейтілген отырысы 26 қаңтарда өтеді

Үкіметтің кеңейтілген отырысының қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Айта кетейік, бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Үкіметінің басшысы Асқар Маминді қабылдады

Кездесу барысында экономикалық өсімді қалпына келтіру, инвестиция тарту, халықты жұмыспен қамтуды қолдау, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басқа да өзекті мәселелері жөніндегі шаралар талқыланды. 

Сондай-ақ осы басқосуда Асқар Мамин Қасым-Жомарт Тоқаевқа 26 қаңтардағы Үкіметтің кеңейтілген отырысына дайындық барысы жайында айтты. 

Мемлекет басшысының төрағалығымен өтетін жиында еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы кезеңде атқарылатын міндеттер қаралмақ.