06 нау, 2024 сағат 17:23

Ұлттық ғылым академиясы жалғыз жоғары ғылыми ұйым болады


Ұлттық ғылым академиясы жалғыз жоғары ғылыми ұйым болады деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

6 наурызда өткен Мәжіліс отырысында «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасы мен оған ілеспе түзетулер бірінші оқылымда мақұлданды.

 Жоба «Ғылым туралы» және «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» қолданыстағы заңдардың негізінде жасалды. Заң жобасы Ұлттық ғылым академиясын жоғары ғылыми ұйым етіп қайта форматтауды ұсынады.
Осылайша ол еліміздегі осындай мәртебеге ие жалғыз ұйым болады. Академияның функцияларына әлеуметтік-экономикалық дамудың басымдықтарына сәйкес ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің басым бағыттарын айқындау бойынша ұсынымдар әзірлеу және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру үшін Жоғары ғылыми-техникалық комиссияға ұсынылған ғылыми-техникалық тапсырмаларды сараптау кіреді.

Академияның ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметін қаржыландыру Үкімет айқындаған тәртіппен, сондай-ақ өзге де көздерден жүзеге асырылады.