Фото: Ұлттық музей
Астанадағы Ұлттық музейде Мұстафа Шоқай мен жары Мария Шоқайдың түпнұсқадағы фотосуреттері көпшілік назарына ұсынылды, деп хабарлайды Ult.kz.
Экспозиция арқылы көрнекті қоғам қайраткерінің саяси қызметімен қатар, жарына деген асқақ махаббаты мен айнымас адалдығын да көруге болады.
Көрмеде ХХ ғасыр басындағы күрделі кезеңді, эмиграциядағы өмірді және бір-біріне сүйеу болған қос жанның тағдырын баяндайтын 50-ден аса құнды жәдігер қойылған. Барлық материалды Мария Шоқай ондаған жылдар бойы көзінің қарашығындай сақтап келген.
Көрме Мұстафа Шоқайдың 135 жылдығына орай ашылды.
