
ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі бастамаларын жүзеге асыруға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі бастамаларын жүзеге асыру аясында 9 заң, ҚР Президентінің бір Жарлығы, ҚР Үкіметінің 3 қаулысы, ҚР Премьер-Министрінің бір өкімі, министрлердің 7 бұйрығы қабылданды», - деп жазды Ерлан Қарин Telegram парақшасында.
Оның айтуынша, тағы жеті заң жобасы қаралып жатыр.
