18 мау, 2025 сағат 08:59

Ұлы дәстүр мен суретшіге құрмет ретінде қойылған балет-феерия: «Астана Опера» сахнасында – «Ұйқыдағы ару»

Фото: ҚР МАМ

20–21 маусым күндері елордада өтетін халықаралық «Опералия» музыка фестивалі аясында «Астана Опера» театры көрерменге Петр Чайковскийдің «Ұйқыдағы ару» балетінің жаңа қойылымын ұсынады, деп хабарлайды Ult.kz.

Бұл әлем балетінің алтын қорынан орын алған туынды ғана емес, қазақ сахнасы үшін мәдени діңгекке айналар көркемдік құбылыс.

Қойылым ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен сахналанып отыр. Спектакльдің жаңа редакциясын театрдың балет труппасының көркемдік жетекшісі, Ресейдің халық әртісі Алтынай Асылмұратова әзірледі. 

Ол «Ұйқыдағы арумен» өзінің кәсіби жолын тығыз байланыстыратын, балет өнерін өмірінің өзегіне айналдырған тұлға. Жас кезінде бұл спектакльдегі басты партияларды Мариин театрында өзі орындаған Асылмұратова енді сол шығармашылыққа хореограф ретінде оралып, классикалық мектептің нәзік өрнегін сақтай отырып, оны бүгінгі заманмен үндестіруге ниет етіп отыр.