10 нау, 2026 сағат 10:23

Вьетнамда жоғалған қазақстандық қыз: СІМ мәлімдеме жасады


Фото: Видеодан скриншот
Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкірге қатысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Ult.kz.

Ведомствоның мәліметінше, қазақстандық дипломаттар қызды іздеу жұмысына қазірдің өзінде қосылған.

«Қазақстанның Вьетнамдағы елшілігі Аубакир Асемнің туыстарымен байланыста және Вьетнамның құзырлы органдарымен бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта оның жүрген жерін анықтау жұмыстары жүргізілуде. Бұл жағдай ҚР СІМ бақылауында», – деп хабарлады құзырлы орган.


Қызды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. 

Айта кетейік, 1999 жылы туған қазақстандық Әсем Әубәкір Вьетнамда хабар-ошарсыз кеткен. Ол соңғы рет 6 наурыз күні сағат 14:42 шамасында Хошимин қаласында жүрген кезде туыстарымен байланысқан. Жоғалып кетер алдында Әсем қатты алаңдағанын, біреулер өзін аңдып жүргендей сезінетінін айтқан. Содан бері жақындары онымен байланыса алмай отыр.

Бұғандейін Әсемнің туыстары оны іздеу бойынша тиісті өтінішті жолдағанымен, Вьетнам билігі оны әлі қарап жатқанын жазғанбыз.

Әсемнің отбасы Вьетнамда немесе оған жақын елдерде жүрген қазақстандықтардан көмек сұрайды. Сондай-ақ сол жақта тұратын таныстары мен туыстары бар азаматтардан да іздеу жұмыстарына қолдау көрсетуді өтінеді. 

Оқи отырыңыз: Вьетнамда қазақстандық қыз жоғалып кетті