31 нау, 2024 сағат 13:53

Жазушы Сәбит Досанов өмірден өтті


Әйгілі жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сәбит Досанов өмірден өтті. 

Ол 1940 жылы 12 қаңтарда Қостанай облысы, Аманкелді ауданының Байғабыл ауылында туған. 

Қаламгер Африкадағы Дүнду, Қазақстандағы Қостанай қалаларының, Ақсуат, Аманкелді аудандарының құрметті азаматы атанған. Көптеген роман, повесть, әңгімелердің авторы. «Қайырлы таң», «Жанр тағдыры», «Сексен бестің көктемі», «Адаспаңдар, адамдар», «Тотем под чадрой», «Тензор степного кургана» атты кітаптары бар. 

1998 жылы мемлекеттік «Санат» баспасынан қазақ тілінде, ал 2003 жылы Мәскеудің «Советский писатель» баспасынан орыс тілінде «Жиырмасыншы ғасыр» романы жарық көрді. 2002 жылы «Советский писатель» баспасынан таңдамалы шығармаларының бір томдығы жарыққа шықты. «Дауыл», «Ертең бюро» атты драмалары М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында, Атырау, Жезқазған, Семей, Тараз, Бішкек театрларында қойылды. 

Мемлекет басшысы жазушы Сәбит Досановтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.