20 ақп, 2024 сағат 14:23

«Жер ғана емес, Марс та айналады» – ғалым

Фото: habr.com

В.Г.Фесенков атындағы Астрофизика институтының ғылыми қызметкері Лаура Ембергенқызы дәл осындай пікір айтты. Ғалым журналист Дина Имамбайға берген сұхбатында Марс та айналады,  айналған сайын  Жермен жақындай бастауы мүмкін екенін айтты, – деп хабарлайды Ult.kz порталы.

Ғалымның айтуынша, телескоптан Марс әдемі көрінді. Марс енді екі жылдан кейін көктем уақытында көрінеді.

«Өйткені әрбір планетаның өзінің маусымы бар. Біз осы көктемде көрдік.  Марс қысқа таман ол үлкен жарық болып көрінді. Марс өте қызық планета деп айта алмаймын. Себебі ол қызыл шар сияқты көрінеді. Бірақ маған өте ұнайтын планета. Көбісі Сатурн мен Юпитерді ұнатады. Өйткені Сатурнның кольцасы көрінеді. Иә, Юпитер өте әдемі болып көрінеді, оның  ең үлкен серіктері көрінеді. Ал Марста ешқандай детальдер көрмейсіз. Қызыл шар болып көрінеді. Ол жерден алыстай бастаған кезде кішкентай нүкте болып көрінеді», – дейді Лаура Ембергенқызы.

Ғалымның айтуынша, Сатурнның сақинасы көрінеді. Солтүстік Галактиканың полюсы сол шоқжұлдызда орналасқан деп айтуға болады. Ал күзде қандай шоқжұлдыздар жақсы көрінеді деген сауалға да жауап беруге тырысты.

«Көктемге таман мен жақсы көретін бір әдемі шоқжұлдыздар болады. Қазақша айтқанда, Вероника Шаштары деп аталады. Бұл шоқжұлдызда галактикалардың группасы орналасқан. Солтүстік  Галактиканың полюсы сол шоқжұлдызда орналасқан деп айтуға болады. Өте әдемі шоқжұлдыз. Ал құс жолы қазір бізде орналасқан  «Каменское платода» көрінбейді. Өйткені жаңа айтып кеткендей қаланың жарықтығы бізге кедергі болады. Сондықтан біз әдемі-әдемі аспанды көре алмаймыз. Бірақ ең жарық объектілерді көрсете аламыз. Егер де қаланың сыртына шығып көрсеңіз де, мысалы Қапшағайға, өте әдемі көрінеді.  Сол жерде Мысалы құс жолын көре аласыздар. Құс жолын біз жай көзбен де көре аласыздар», – дейді ғалым.

Ғылымды шексіз жақсы көретін ғалым осы саладағы мамандарға үздіксіз ғылыммен айналысу керегін айтады. Қазір білімді болу, ғалым болу трендте деп айтса да қателеспейтініне сенімді.

Естеріңізге сала кетейік, В.Г.Фесенков атындағы Астрофизика институтының ғылыми қызметкері Лаура Ембергенқызы дәл осындай пікір айтқан болатын. Ғалым журналист Дина Имамбайға берген сұхбатында Марс та айналады,  айналған сайын  Жермен жақындай бастауы мүмкін екенін айтты.