Фото: Gov.kz
Қазақстанның көрнекті ақыны, Мемлекеттік Гимн авторларының бірі, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылығына арналған «Ұрпағым, саған айтам…» атты республикалық көркемсөз оқу шеберлері байқауы өтті, деп хабарлайды Ult.kz.
Байқаудың мақсаты
Жастар арасында ақынның әдеби мұрасын насихаттау, оның шығармалары арқылы адамгершілікке, ұлттық рухқа және отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Байқау форматы
Қазақстанның барлық өңірінен келген қатысушылар екі номинация бойынша өнер көрсетті:
-
Поэзиялық шығарма;
-
Прозалық шығарма.
Жеңімпаздар:
-
Бас жүлде – Көркем Дүйсенбаева (Маңғыстау облысы)
-
І орын – Елдос Құлшарап (Атырау облысы)
-
ІІ орын – Ләззат Мүсілім (Шымкент қаласы), Айжан Бөлекбаева (Атырау қаласы)
-
ІІІ орын – Владислав Горизанов (Қарағанды облысы), Ақберен Жолдасбек (Түркістан облысы), Айнұр Нұрбек (Жамбыл облысы)
Байқау жас таланттардың шеберлігін шыңдап, ұлттық әдебиетке деген қызығушылығын арттыра түсті.
