Мәскеу облысында 15 жасар қыздың қолындағы телефоны жарылып, жарақат алды, деп хабарлайды Ult.kz.
Ақпарат бойынша жарақат алған қыз ұялы телефонын қуаттау кезінде қолданған.
Ол қолы мен білегін күйдіріп, ауруханаға жатқызылды. Қазір жасөспірімнің жағдайы қанағаттанарлық, көп ұзамай ауруханадан шығарылады.
"Қыздың сол және оң қолы 3 дәрежелі, ал білегі екі жағында — бірінші-екінші дәрежелі күйік бар. Науқасқа ауруханаға жатқызу қажет болды. Ол барлық қажетті емдеуді Бактерияға қарсы препараттар мен таңғыштар түрінде алады", — деді аурухананың балалар хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Владимир Хабалов.
