Фото: ашық дереккөз
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, 20 қыркүйекте Қазақстанның барлық өңірлерінде «Таза Қазақстан» жалпы республикалық акциясы аясында аумақтарды тазарту шаралары ұйымдастырылады. Бұл бастама бүкіл әлемде аталып өтетін «World Clean up Day» күніне орайластырылып отыр, деп хабарлайды Ult.kz.
Министрлік атап өткендей, «World Clean up Day» – бұл тек қоқыс жинау шарасы ғана емес, сонымен қатар табиғатқа қамқорлық пен экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған маңызды қадам. Қазақстан да жыл сайын осы халықаралық қозғалысқа белсенді түрде атсалысады.
«Барша қазақстандықтарды тазалық акциясына қатысып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлесін қосуға шақырамыз. Әрбір азаматтың белсенділігі еліміздің табиғатын сақтауға зор ықпал етеді», – делінген ведомствоның хабарламасында.
