Фото: ҚР ОАМ
Денсаулық сақтау министрлігі мектептегі тамақтануды реформалаудың жаңа стандарты әзірленгенін жариялады, деп хабарлайды Ult.kz.
2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап бұл стандарт елдегі барлық білім беру ұйымдарында күшіне енеді. Жаңа ережелер оқушыларды теңдестірілген, қауіпсіз және пайдалы диетамен қамтамасыз етуге бағытталған.
Негізгі өзгерістер:
-
Қант, тұз және өңделген тағамдарды азайту;
-
Көкөніс, жеміс-жидек, дәнді дақылдар, ақуыз және сүт өнімдерінің үлесін арттыру.
Қазақ тағамтану академиясының деректері бойынша, бұл шаралар балалардың семіздігі мен созылмалы аурулар қаупін азайтады.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жаңа стандарттың болашақ ұрпақтың денсаулығына тигізетін стратегиялық маңызын атап өтті. Ол барлық мүдделі тараптардың үйлесімді іс-әрекетінің маңыздылығын ерекше айтты.
Мектеп мейіргерлері тағам сапасын бағалауға белсенді қатысып, санитариялық бақылау күшейтіледі. Сонымен қатар, тексеру жүйесіне жаңашыл тәсілдер енгізіліп, өнімдер сапасына тұрақты мониторинг жасалады.
Бұл өзгерістер Қазақстанның ұлттық денсаулық сақтау стратегиясының маңызды бөлігі болып табылады.