Фото: instagram.com
Жыл сайын 25 қарашада әлем әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою халықаралық күнін атап өтеді. Бұл дата – жаһандық қоғамның назарын әйелдер мен қыздардың қауіпсіздігіне, құқықтарының қорғалуына және әр адам үшін зорлық-зомбылықсыз өмір құруға бағытталған күреске аудару мақсатында белгіленген маңызды күн. Бұл туралы Ult.kz хабарлайды.
Әлем бойынша әрбір үшінші әйел физикалық немесе сексуалдық зорлық-зомбылыққа ұшырағаны белгілі. Бұл – статистика ғана емес, мыңдаған тағдыр мен сынған өмір. Зорлық-зомбылық тек тұрмыстық деңгейде емес, жұмыс орнында, қоғамдық ортада, тіпті цифрлық кеңістікте де орын алып отыр.
Қазақстанда да бұл мәселе өзекті. Соңғы жылдары тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері жиілеп, қоғамда резонанс тудырған оқиғалар бұған мысал.
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша соңғы 12 ай ішінде жыныстық серіктес болып табылмайтын адамның тарапынан күш көрсету немесе сексуалды зорлық-зомбылыққа душар болған 18-49 (18-75) жастағы әйелдердің үлесі – 2,9 пайызды (14 340) құрайды. Оның ішінде күш көрсету зорлық-зомбылығы – 413, серіктес болмаған тулғамен ұшыраған, зорлау – 105, зорлау әрекеті немесе сексуалды зорлық-зомбылық – 170, қайсы болса да сексуалды зорлық-зомбылық – 221 жағдайды құрайды.
БҰҰ деректеріне сәйкес, өткен жылы жалпы 83 мың әйел мен қыз қасақана өлтірілген. Олардың 60 пайызы, яғни, 50 мыңы – өз серіктестері немесе туыстарының қолынан қаза тапқан. Бұл орта есеппен әр 10 минут сайын бір адам, ал, тәулігіне орта есеппен 137 әйел мен қыз өлтіріледі деген сөз.
