Фото: Polisia.kz
Ұлытау облысында есірткінің ірі партиясын тасымалдаған топ ұсталды, деп хабарлайды Ult.kz.
Полиция мәліметінше, Жезқазған – Қарағанды автожолында бес адам құрықталған. Күдіктілер есірткі жеткізу бағытын бақылап отырған.
Көлікті тексеру кезінде 13 пакет табылып, олардың ішінде 300 келіден астам марихуана болғаны анықталды.
Алдын ала есеп бойынша, тәркіленген есірткі шамамен бір миллионға жуық бір реттік дозаға тең. Оның қара нарықтағы құны 3 миллион АҚШ долларына бағаланып отыр.
Құқық қорғау органдары бұл арнаның елдің оңтүстік өңірінде ұйымдастырылғанын мәлімдеді. Қазір күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
