16 қаз, 2025 сағат 17:33

6000 мұғалімнің жалақысы ұрланған: Бас прокуратура жаңа киберқауіп туралы ескертті

Фото: Shutterstock

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы азаматтарды жаңа қауіпті кибералаяқтық әдісі туралы ресми түрде ескертті, деп хабарлайды Ult.kz.

Шетел дереккөздерінің мәліметінше, хакерлер АҚШ-тағы 25 университетке шабуыл жасап, 6000-нан астам оқытушының жалақы деректерін ұрлап, қаражатты өздерінің банк шоттарына аударып алған.

Бұл қауіп Қазақстанға да төнуі мүмкін!
Мамандардың айтуынша, осындай алаяқтық схеманы басқа елдерге бейімдеу оңай, сондықтан бұл шабуылдың Қазақстанда қайталану қаупі бар.

Кибершабуылдан қалай қорғануға болады?

  • Бейтаныс сілтемелерге өтпеңіз

  • Күмәнді хаттардың тіркемелерін ашпаңыз

  • Күрделі пароль пайдаланыңыз

  • Екі факторлы аутентификацияны қосыңыз

Есіңізде болсын:
Сіздің ең мықты қорғанысыңыз – сақтық пен кибергигиена!