Фото: ашық дереккөз
Қаржы мониторингі агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті «Dala SK Construction» ЖШС және оған байланысы бар бірнеше компания басшыларының азаматтардың қаражатын заңсыз тартуына қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Ult.kz.
Ведомство мәліметінше, компания басшылығы екі жыл бойы қажетті рұқсат құжаттарынсыз, жобалық-сметалық құжаттамасыз, мемлекеттік сараптама мен авторлық қадағалаусыз тұрғын үй кешендерін салуға кіріскен.
Алаяқ схеманың қалай жүзеге асқаны:
-
Интернетте пәтерлердің нарықтан әлдеқайда төмен бағамен сатылатыны және пайызсыз бөліп төлеу ұсынылатыны жөнінде жарнамалар жарияланған;
-
Алайда «Irtysh Riverside» ТҮК жоспардағы алты мұнараның тек біреуінің ғана қаңқасы салынған;
-
2024 жылдың қазанында компанияға ӘҚБК-нің бірнеше бабы бойынша айыппұл салынып, құрылыс жұмыстары тоқтатылғанына қарамастан, басшылық жалған «сәтті құрылыс жүріп жатқандай» ақпарат таратып, азаматтарды алдауды жалғастырған;
-
Жаңа сатып алушылар тарту үшін пәтер сату жөніндегі жарнама тоқтатылмаған.
Зиян көлемі мен зардап шеккендер:
-
64 азаматпен жалған брондау шарттары жасалған;
-
Заңсыз тартылған қаражаттың жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асқан;
-
Қаражат Өскемендегі байланысы бар компаниялардың шоттарына аударылып, ол жерде де рұқсатсыз құрылыс жұмыстары жүргізілген.
Үлескерлердің мүддесін қорғау үшін:
Тергеу барысында күдіктілердің мүлкіне — 2 пәтер, 10 жер учаскесі және 6 автокөлікке тыйым салынды.
Қылмыстық істің ұйымдастырушысы қамауға алынған.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.
