Фото: ашық дереккөз
Жітіқара қаласында отбасылық жанжал қайғылы оқиғаға ұласты. Өгей әкесінен анасын қорғаған 15 жастағы жасөспірім пышақ жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды Ult.kz.
Қостанай облысы полиция департаментінің мәліметінше, 25 сәуір күні ерлі-зайыптылар арасында жанжал туындаған. Төбелес барысында 37 жастағы әйел пышақ жарақатын алған. Осы сәтте оның алдыңғы некеден туған ұлы араша түскен, алайда ауыр жарақат алып, оқиға орнында қаза болған.
Аталған дерек бойынша адам өлтіру және адам өлтіруге оқталу баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті — әйелдің жұбайы — ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тергеу амалдары жүргізілуде.
