28 сәу, 2026 сағат 16:31

Павлодарда 1,2 келі мефедронмен ірі есірткі арнасы әшкереленді


Фото: Polisia.kz

Павлодар облысында полиция ірі көлемдегі синтетикалық есірткі айналымының жолын кесті, деп хабарлайды Ult.kz.

Polisia.kz мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жергілікті тұрғын ұсталған. Жеке тінту кезінде одан сатуға дайын шамамен 60 орама табылған.

Кейін күдіктінің пәтеріне жүргізілген тінту барысында синтетикалық және психотроптық заттардың ірі партиясы анықталды. Мамандардың қорытындысы бойынша тәркіленген зат – шамамен 1,2 келі мефедрон.

Сонымен қатар полицейлер таразы, қаптама материалдары және есірткі дайындау мен таратуға қатысты өзге де айғақ заттарды тәркілеген.

Павлодар облысы ПД ҰҚҚБ бастығының міндетін атқарушы Диас Қадыровтың айтуынша, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр. Полицейлер есірткі жеткізу тізбегін және ықтимал сыбайластарды анықтау мақсатында жедел жұмыстарды жалғастыруда.

Айта кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхананың қызметі тоқтатылған болатын.