20 ақп, 2026 сағат 15:55

Абай облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты

Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы Абай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға 19 ақпанда күндіз Омбы-Майқапшағай тасжолында болған.

«Анықталған мәліметтер бойынша, тасжолдың 867-шақырымында Жарма ауданы Салқынтөбе ауылы аумағында Lada Priora және Chevrolet Cobalt көліктері соқтығысты. Жол апаты салдарынан төрт адам қаза болды, тағы үш адам жарақаттанды», — деп жазылған ресми хабарламада.


Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.