12 мам, 2025 сағат 11:29

Ақмола облысында 298 мұғалімге 80 миллион теңге жалақы қарызы төленді

Фото: ашық дереккөз

Ақмола облысы прокуратурасының араласуымен Ерейментау ауданының 9 мектебіндегі 298 мұғалімге 80 миллион теңге көлеміндегі жалақы қарызы толығымен өтелді, деп хабарлайды Ult.kz.

Ерейментау ауданының мектептерінде анықталған жалақы бойынша берешек прокуратураның қадағалау актісінің нәтижесінде өтеліп, мұғалімдердің конституциялық құқықтары қалпына келтірілді.

Прокуратура азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау мақсатында заңдылықтың сақталуын тұрақты түрде бақылауда ұстайды. Бұл бағытта аймақта талдау жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы 2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялаған болатын. Осыған байланысты еңбек құқықтарын қорғау саласындағы жұмыстар одан әрі жалғасуда.