19 қаз, 2025 сағат 14:30

Ақмола облысында іздеуде жүрген азаматтар анықталды


Фото: polisia.kz


Ақмола облысында іздеуде жүрген, соның ішінде ауыр қылмыс жасаған азаматтар анықталды, деп хабарлайды Ақмола облыстық ПД.


15–16 қазан аралығында Ақмола облысының аумағында "Іздестіру" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Оның мақсаты – халықаралық және мемлекетаралық іздеуде жүрген адамдардың орналасқан жерін анықтау, сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды табу болды.


"Іс-шара барысында Ақмола облысының полицейлері барлығы 18 адамды анықтады. Олардың үшеуі хабар-ошарсыз кеткендер қатарынан болса, қалғандары – түрлі қылмыстық істердің қатысушылары. Анықталғандардың арасында кісі өлтіру, қарақшылық, есірткінің заңсыз айналымы және ұрлық сияқты ауыр қылмыстарға күдіктілер бар", – делінген хабарламада.


Кейбір азаматтарды көрші мемлекеттердің құқық қорғау органдары іздеген және олардың деректері Интерполдың халықаралық базасында тіркелген.