02 жел, 2025 сағат 11:26

Ақмола облысында мектеп оқушыларын жаяу жүргіншілер өткелінде қағып кетті

Фото: видеодан скриншот

1 желтоқсанда Қоянды ауылында Nissan Primera жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелі арқылы жолдан өтіп бара жатқан екі қызды қағып кеткен. Хабарламаға қарағанда, қыздар — 5-сынып пен 10-сыныпта оқитын туған әпке-сіңлілер. Бұл туралы Ult.kz Jagdai kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бейнебақылау кадрларында автомобиль жылдамдығын төмендетпестен, өткелдің ортасына жеткен балаларды қағып өткен сәті көрінеді.

Полиция екі оқушының да ауруханаға жатқызылғанын растады. Қазір полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.