03 қар, 2025 сағат 14:51

Ақмола облысында полицейлер көктайғаққа байланысты жүргізушілерге ескерту жасады

Фото: Liter.kz

Соңғы күндері Ақмола облысында ауа райы күрт өзгеріп, жаңбыр аралас қар жауып, жолдарда көктайғақ пайда болды. Полиция департаменті тұрғындарды және жүргізушілерді жолда абай болуға шақырды, деп хабарлайды Ult.kz.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, көктайғақтың салдарынан көлік қозғалысы қиындап, жол-көлік оқиғаларының қаупі артады.

Полиция жүргізушілерге келесі шараларды орындауға кеңес береді:

  • Көлікті қысқы маусымға алдын ала дайындау;

  • Жазғы шиналарды қысқы дөңгелектерге ауыстыру;

  • Жылдамдықты азайтып, арақашықтықты сақтау;

  • Маневр жасағанда және тежегенде барынша мұқият болу.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары ауа райының қолайсыздығына қарамастан, жол қозғалысына қатысушыларды тәртіп пен сақтықты сақтауға шақырды.